Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған дзюдошы беделді турнирде өнер көрсетеді

Сарапшы, спорт журналисі

Дзюдодан Қазақстан құрамасының Тәжікстанда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын құрамы белгілі болды.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған дзюдошы беделді турнирде өнер көрсетеді
sputnik.kz

Байрақты бәсеке 1-3 мамыр аралығында Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді. Оған әлемнің әр түкпірінен 200-ден астам дзюдошы қатысады.

Қазақстан құрамасы атынан сегіз спортшы өнер көрсетеді. Олардың ішінде Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы, әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова бар.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, ел намысын қорғайтын дзюдошылар тізімі:

  • Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)
  • Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)
  • Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)
  • Ықылас Әлсейт (73 келіге дейін)
  • Ансарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін)
  • Досхан Жолжақсынов (81 келіге дейін)
  • Ермұхан Естай (100 келіге дейін)
  • Мұхаммедәлі Мәулітов (100 келіге дейін)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір