Қазақстандық қыз Украина боксшысын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Иордания астанасы Амманда жасөспірім қыздар арасындағы бокстан Азия чемпионатының финалдық кезеңі өтуде.

Қазақстандық қыз Украина боксшысын ойсырата жеңді (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

15 жасқа дейінгі (U15) жас санатындағы спортшылар Азия чемпионатының алтын медальдары үшін шаршы алаңға шықты. 70 келіге дейінгі салмақта шешуші жекпе-жекке қазақстандық Жансая Ержан мен украиналық Диана Кемска жолықты.

Жекпе-жек басынан бастап Жансая Ержанның толық бақылауында өтті. Ол техникалық шеберлігімен және шабуылдағы дәл соққыларымен ерекшеленіп, барлық бес төрешінің қолдауына ие болды. Нәтижесінде кездесу 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.