Ақерке Далабай Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Иордания астанасы Амманда жасөспірім қыздар арасында бокстан Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтуде.

Ақерке Далабай Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысын ойсырата жеңді (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

U15 жас санатындағы спортшылар алтын медаль үшін шаршы алаңға шықты. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекке қазақстандық Акерке Далабай мен иорданиялық Джуд Хаби шықты.

Ақерке алғашқы секундтардан бастап қарсыласын қыспаққа алып, жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстады. Ол техникалық және тактикалық тұрғыда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, барлық бес төрешінің қолдауына ие болды. Нәтижесінде кездесу 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Амманда өтіп жатқан бұл чемпионат — World Boxing ұйымының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған тарихи Азия чемпионаты

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір