ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

UFC-дің жаңа жұлдызы күтпеген нокаутқа түсті (ВИДЕО)

АҚШ-тың Айова штатындағы Де-Мойн қаласында UFC on ESPN 67 турнирі өтті. Аралас жекпе-жектен бұл кештің екінші басты оқиғасы — голландиялық файтер Ренье де Риддер мен америкалық Бо Никал арасындағы орта салмақтағы кездесу болды. 

Айқас екі раундқа ғана созылды. Ренье де Риддер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек 29 жастағы америкалық Бо Никал үшін ерекше ауыр соққы болды. Ол мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін жеті рет жеңіске жетіп, оның төртеуін UFC-де тіркеген еді. Жас файтерді көптеген сарапшы UFC болашағының жұлдызы ретінде атап жүрген болатын.

Ал голландиялық Ренье де Риддер өзінің кәсіби мансабындағы 20-шы жеңісіне жетті. Қазір оның жеңісті сериясы төрт кездесуден тұрады. Ол UFC орта салмағында өзінің мықты екенін тағы да дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.