Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жаттығу лагерін көрсетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.05.2025, 14:28

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегіне АҚШ-та қызу дайындалып жатыр.

instagram/@yeleussinovdaniyar
instagram/@yeleussinovdaniyar

Елеусіновтің жаттығу лагері Пенсильвания штатының Питтсбург қаласында орналасқан. Ол өзінің Instagram парақшасында жаттығу сәттерінен фотосуреттер жариялап, дайындық барысы туралы қысқаша пікір білдірді:

“Жақсы жаттығу. Жұмыс жүріп жатыр”, — деп жазды боксшы.

Данияр Елеусіновтің жаттығулары әйгілі америкалық жаттықтырушы Том Янкеллоның залында өтіп жатыр. Бұл маман кезінде бірқатар әлем чемпиондарын дайындаған. Елеусіновтің бұл лагерьді таңдауы оның кәсіби мансабына тың серпін беруі мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық Олимпиада чемпионы жаңа кәсіпқой бокс жобасымен келісімшартқа отырған. Бұл лиганы UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясынан шыққан ықпалды инвестор Турки әл-Аш-Шейх құрған болатын. Турнирдің нақты форматы мен ауқымы әзірге толық жарияланбағанымен бұл жоба әлемдік бокс нарығында үлкен серпіліс тудыруы мүмкін.

Елеусіновтің жаңа лига аясындағы дебюттік жекпе-жегі әлі ресми түрде бекітілмеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір