
Америкалық файтер жуырда Ислам Махачевке жекпе-жекке қол қоюды талап етті.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77 кг дейін) чемпионы Белал Мұхаммад жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевке ашық түрде жекпе-жекке келісімшартқа қол қоюды ұсынды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Белал Мұхаммадтың келесі қарсыласы ретінде австралиялық Джек Делла Маддалена бекітілген. Бұл кездесу UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегі болады. Турнир Канаданың Монреаль қаласында өтпек.
Белал Ислам Махачевке жолдаған үндеуінде:
«Ислам маған: „Сен менің жоспарымды бұздың, UFC чемпионы болдың“ деді. Қазір бәрі менің Маддаленаға қарсы жекпе-жегімді күтіп отыр. Бірақ мен Исламға айтарым — келесі жекпе-жекке келісімшартқа қол қой. Себебі мен Монреальдан белбеусіз кетпеймін. Мен бәрібір чемпион болып қаламын. Кіммен болса да, дайын бол!» – деді Мухаммад Red Corner MMA парақшасына берген сұхбатында.
Қазақстандық Шавкат Рахмонов осы дивизионда ең қауіпті әрі жеңіліп көрмеген файтер ретінде танымал. Ол бастапқыда дәл осы Белал Мұхаммадқа қарсы чемпиондық жекпе-жекке шығуы керек болған, алайда жарақатына байланысты кездесу кейінге шегерілген болатын.