ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Астана Grand Slam: Қазақ және Ресей балуандары "алтын" үшін күреседі

Дзюдодан Астана төрінде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының екі спортшысы финалға шығып, алтын медаль үшін Ресей өкілдерімен белдеседі. 

Астана Grand Slam: Қазақ және Ресей балуандары "алтын" үшін күреседі
olympic.kz

Талғат Орынбасар (60 кг дейін) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг дейін) өз салмақ дәрежелерінде жартылай финалдық жекпе-жектерде қарсыластарын жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Талғат Орынбасар командаласы Аман Бақытжанды ұтып, финалға шықты.

Ғұсман Қырғызбаев қытайлық Цзиян Сені сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Финалда қазақ дзюдошылары ресейлік балуандармен белдеседі:

  • Талғат Орынбасар — Изнаур Саавпен (Ресей) алтын медаль үшін күреседі.
  • Ғұсман Қырғызбаев — Рамазан Абдулаевпен (Ресей) татамиге шығады.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жеңілген Аман Бақытжан қола медаль үшін оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі. Бұл кездесу де аса тартысты болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.