Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Qazaqstan Barysy Grand Slam – 2025: Финалға шыққан бір қазақ, жолы болмаған екіншісі (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
11.05.2025, 14:47

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam – 2025 турнирінде екі қазақстандық балуан жартылай финалға дейін жетіп, әрқайсысы өз жолымен финалдық кезеңге қадам басты. Бірақ армандағандай толық "қазақ финалы" бұл жолы орындалмады.

instagram/@kaz_judoteam
instagram/@kaz_judoteam

Екі түрлі нәтиже – бір үміт

+100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Қажыбаев грузиялық Иракли Деметрашвилиді жеңіп, финалға жолдама алды. Қарсыласы үш “шидо” ескерту алған соң жеңіс отандасымызға жазылды.

Ал 100 келіде белдескен Марат Байқамұров, өкінішке қарай швейцариялық Даниэль Эйхтан иппонмен жеңілді. 

Қола үшін күрес – жаңа міндет

Финал есігі бір балуанға ашылса, екіншісіне қола үшін тартыс міндеттелді. Байқамұров енді ливандық Карамоб Сагаиповпен жүлделі орын үшін белдеседі. Сондай-ақ Бақжан Байтас та өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, жұбаныш белдесуінде итальяндық Энрико Бергамеллиді иппонмен жеңіп шықты. Енді ол ресейлік Адам Сангариевпен “қола” үшін күреседі.

Қарсыластар да оңай емес

Ал аса ауыр салмақтағы Мәди Еділбаев поляк дзюдошысы Грегор Терезинскиге екі “вазари” әдісі арқылы жол беріп, жарысты аяқтады.

Финалдық белдесулер (басталуы: 17:00)

  • 100 кг. Марат БайқамұровКарамоб Сагаипов (Ливан)
  • 100 кг. Бақжан БайтасАдам Сангариев (Ресей)
  • +100 кг. Ерасыл ҚажыбаевХёга Ота (Жапония)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір