
Марат Байқамұров Астанадағы "Үлкен дулығада" сенсациялық жеңіске жетті.
Астанада өтіп жатқан дзюдо бойынша Grand Slam турнирінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстаннан екі спортшы бірден медальға таласты. Бақжан Байтас жарыстың жүлдегері атанғанымен, оның жеңісі қарсыласының жарақатына байланысты татамиге шықпауынан кейін тіркелді. Ал Марат Байқамұров өз медалін татами үстінде тікелей шайқаста жеңіп алды.
Ол Ливан құрамасы атынан өнер көрсететін. Бірақ ресейлік дзюдо мектебінен шыққан Карамоба Сагаиповпен үшінші орын үшін күресті.
Сагаипов — 2023 жылғы Азия ойындарының және 2025 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қарсыласының тәжірибесіне қарамастан Байқамұров басты сәтте мінез көрсетіп, қосымша уақытта тамаша әдіс жасап, оны таза жеңіспен — "иппонмен" ұтты.
Бұл жеңіс — Қазақстан үшін аталмыш турнирдегі сегізінші медаль.