Финал – татамиде тағдыр шешкен сәт
Астанадағы Grand Slam кезеңі мәресіне жетті. Аса ауыр салмақта (+100 кг) өткен финалда жерлесіміз Ерасыл Қажыбаев пен Жапония дзюдосының жұлдызы Хёга Ота кездесті. Бірақ төрт дүркін Grand Slam чемпионы, Азияның қазіргі чемпионы саналатын Ота бұл жолы да қарсыласын "иппонмен" жеңіп, кезекті алтын медалін қоржынға салды.
Бұл Ерасылдың Grand Slam турниріндегі алғашқы финалы болғандықтан нәтижесі маңызды жетістік ретінде бағаланады.
Финалға апарар жол: кімдерді жеңді?
Хёга Отаның жолы:
- 1/8 финал: Рафаэль Бузакарини (Бразилия) – иппон
- 1/4 финал: Грегор Терезински (Польша) – вазари және иппон
- 1/2 финал: Ибрагим Маргиев (Ресей) – иппон
Ерасыл Кажыбаевтың жолы:
- 1/8 финал: Ив Дао (Бельгия) – иппон
- 1/4 финал: Саба Инанеишвили (Грузия) – екі вазари
- 1/2 финал: Иракли Деметрашвили (Грузия) – қарсыласына үш шидо жазылып, жеңіс Ерасылға берілді
Ерасыл Қажыбаев туралы не білеміз?
- Туған күні: 1994 жылғы 4 шілде
- Туған жері: Семей, Абай облысы
Мансаптағы жетістіктері:
- Әлемдік Гран-при кезеңінің екі қола жүлдесі (2018, 2023)
- Әлемдік Гран-при кезеңінің күміс жүлдесі (2019)
- "Үлкен дулыға" кезеңінің екі қола медалі (2023, 2025)
- Азия чемпионатының қола жүлдегері (2024, командалық жарыс)
- Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
- Әлемдік рейтингтегі орны: 30-орын (1592 ұпай)