Азиядағы тарихи жетістік: Қазақстанның 12 боксшы қызы финалда!
Енді қоржынға қанша "алтын" түседі?
Шри-Ланкада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қазақ қыздары сенсация жасады — жарысқа қатысқан барлық 12 боксшы қызымыз финалға жолдама алды. Бұл — 100 пайыздық көрсеткіш!
Толық құрам — финалда!
Қазақстандық жастар құрамасы қыздар арасындағы бокста теңдессіз нәтиже көрсетті. Финалға шыққан 12 боксшы да Жангелді Ахметовтың жетекшілігімен дайындалған. Бұл жетістік — бапкер еңбегі мен спортшылардың жанкештілігінің айқын дәлелі.
Финалға шыққан боксшы қыздар:
-
48 кг — Айым Танкибаева
-
50 кг — Сила Биболсынқызы
-
52 кг — Рахмина Абдумежитова
-
54 кг — Жанель Имантаева
-
57 кг — Ақнұр Тұрсынғали
-
60 кг — Толғанай Қасымхан
-
63 кг — Алина Құдайгенова
-
66 кг — Ақбота Есімбекова
-
70 кг — Мария Сидоренко
-
75 кг — Зарина Толыбай
-
81 кг — Құралай Егінбайқызы
-
+81 кг — Сабина Жақсылық
Спорт мамандары мен жанкүйерлер бұл көрсеткішті жастар арасындағы жаңа буынның күш-қайратын дәлелдейтін тарихи жетістік деп бағалап отыр.