
Рахат Қалжан жартылай финалда жерлесіне есе жіберіп, финалдан тыс қалды.
Астанада өтіп жатқан күрестен Қазақстан Республикасының Кубогы-2025 турнирінде күтпеген нәтиже тіркелді. 57 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың көшбасшысы Рахат Қалжан жартылай финалда қарсыласына есе жіберді.
Кубок аясында үш белдесуде қатарынан жеңіске жеткен Қалжан жартылай финалда жамбылдық қарсыласы Әділет Әлмұхамедовпен кездесіп, тартысты белдесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл жекпе-жек ел арасындағы "Жамбыл дербиі" ретінде бағаланды, өйткені екеуі де Тараздан шыққан. Әділеттің жеңісі – осы турнирдің басты сенсацияларының бірі ретінде атап өтілуде.
Финалға жолы жабылған Рахат Қалжан енді тек үшінші орын үшін күреске шыға алады. Бұл оның медаль үшін жалғыз мүмкіндігі болып отыр.
Туған күні: 19 қазан, 1998 жыл
Туған жері: Тараз
Атағы: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Жетістіктері:
Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2023, 2025)
Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022)
Қонаев турнирінің жеңімпазы (2024)
Азиада қатысушысы (2023 – 9-орын)
Кадеттер арасындағы Азия чемпионаты – қола (2015)