
Каратэден Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кумитэ бағдарламасы бойынша командалық сында қола медаль жеңіп алды.
Бас жүлде үшін талас қызған Азия біріншілігінде қазақстандық спортшылар нағыз ерлік көрсетіп, Сауд Арабиясына қарсы өткен шешуші кездесуде камбэк жасады. 1:2 есебімен жеңіліп жатқан матчта 3:2 болып жеңісті жұлып алды.
Турнирдің алғашқы кезеңінде Индонезия құрамасын 4:1 есебімен сенімді жеңген қазақстандықтар, ширек финалда Вьетнам спортшыларын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алған.
Бірақ жартылай финалда Иран құрамасына жол беріп, финалға өте алмады.
Қазақстан ерлер құрамасы сапында жарысқа қатысқан спортшылар:
Олар кумитэ бойынша Азияның үздік үштігіне еніп, Қазақстан абыройын халықаралық аренада тағы бір мәрте қорғады.
Айта кетейік, кумитэ бағдарламасы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы да финалға шығып отыр. Қыздар Вьетнам құрамасымен Азия чемпионы атағын сарапқа салады.