
Турнир 27 мамыр күні Астанада өтеді. Басты айқаста Дамир Исмагулов жұдықтасады.
Қазақстандағы ең ірі ММА ұйымдарының бірі — Alash Pride FC 27 мамыр күні өз тарихындағы айтулы кештің шымылдығын түрмек. Астанада өтетін турнир промоушеннің 15 жылдығына арналған. Бұл жолғы кардда UFC жұлдыздары мен қазақстандық мықтылардың тартысты айқастары күтілуде.
Турнирді жанкүйерлер Alash Pride-тың ресми YouTube арнасынан және арнайы тікелей сілтеме арқылы онлайн тамашалай алады. Бұл кеш — ұйым тарихындағы ең ауқымды оқиғалардың бірі болғалы тұр.
Кештің негізгі айқасында UFC-дің экс-жауынгерлері — Дамир Исмагулов (26-3, Қазақстан) пен Алан Патрик (15-4, Бразилия) кездеседі.
Бұдан бөлек, басты кардта екі атышулы UFC жұлдызы – Генри Сехудо және Ренан Барао грэпплинг форматында қазақстандықтармен белдеседі:
Қайрат Ахметов (30-2, Қазақстан) vs Генри Сехудо (24-5, АҚШ)
Арман Оспанов (11-5, Қазақстан) vs Ренан Барао (34-10, Бразилия)
Кештің басты ерекшелігі — әр жекпе-жекте қазақстандық спортшы UFC-дің қазіргі не бұрынғы жауынгерімен кездеседі:
Саламат Исбулаев (8-0, Қазақстан) vs Дилено Лопес (21-9, Бразилия)
Руслан Сариев (16-3, Қазақстан) vs Деанрадо Фигередо (13-5, Бразилия)
Санжар Адилов (14-2, Қазақстан) vs Жозе Мария (41-10, Бразилия)
Жәнібек Тыныштық (5-0, Қазақстан) vs Раулиан Пайва (23-6, Бразилия)
Ержан Жұмабаев (4-0, Қазақстан) vs Веллингтон Лобо (9-8, Бразилия)
Расул Хатаев (6-5, Қазақстан) vs Франсимар Баррозу (26-7, Бразилия)
Сонымен қатар, көршілес Өзбекстаннан келген Бобур Абдулазизов (20-11) Андерсон Силвамен (15-6, Бразилия) күш сынасады.