Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Thailand Open-2025: Қазақстан боксшылары бір жеңіс, бір жеңіліспен шектелді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 14:20

Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі жекпе-жек өткізді. Бұл бәсекеге ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары қатысып жатыр. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Нұрсұлтан Алтынбек – жартылай финалда!

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрсұлтан Алтынбек ширек финалда жапондық Сейджуро Мидзогутимен кездесті. Қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл нәтиже оған кем дегенде қола медальді қамтамасыз етеді.

Гүлназ Бүрібаева жартылай финалдан тыс қалды

Ал әйелдер арасындағы 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлназ Бүрібаева украиналық Ольга Шалимоваға қарсы жекпе-жекте бөлінген төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша, ол жарыстың жартылай финалына өте алмай, жүлдеден тыс қалды.

Турнир туралы жалпы ақпарат

Thailand Open-2025 турнирі 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкокта өтуде. Бұл додаға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, Қытай, Филиппиндер, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея, Қытай Тайбэйі сынды елдердің үздік боксшылары қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір