Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"GGG менен қорықты!" Бұрынғы әлем чемпионы Головкинге айып тақты

Сарапшы, спорт журналисі

Америкалық боксшының айтуынша, GGG оны тым қауіпті қарсылас деп есептеп, жекпе-жектен саналы түрде бас тартқан.

"GGG менен қорықты!" Бұрынғы әлем чемпионы Головкинге айып тақты
mma.express

Орта салмақтағы бұрынғы WBC чемпионы, америкалық Джермалл Чарло (33-0, 22 КО) алдағы жекпе-жегі және Геннадий Головкинмен кездеспей қалуы жайлы пікір білдірді. Боксшының сөзінше, GGG оны жоғары тәуекелі бар қарсылас деп бағалап, жекпе-жектен әдейі бас тартқан.

Чарло ұзақ үзілістен кейін 31 мамырда Лас-Вегаста отандасы Томас ЛаМаннамен (39-5-1, 18 КО) қолғап түйістіреді. Бұл – Джермаллдың 2023 жылдың қарашасынан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Чарло: «Головкин мен Канело мені айналып өтті»

The Ring басылымына берген сұхбатында Джермалл Чарло өзіне қарсы рингке шығудан бас тартқан әлемдік жұлдыздарға шүйлікті:

«Мен Томас ЛаМаннаны ешқашан бағаламаймын. Бірақ бұл менің мұрам, мен тәуекелге бәрін тігемін. Енді түсіндім: неге "Канело", неге GGG және басқа да үлкен есімдер менімен рингке шыққысы келмеді. Олар мені жоғары тәуекелі бар, бірақ аз ақы төленетін қарсылас ретінде көрді», — деді ол.

Оның айтуынша, егер ол бұл жекпе-жекте айқын жеңіске жетсе де, жанкүйерлерден ерекше қолдау күтпейді. Себебі бұл нәтиже бәріне «күтілетін нәрсе» болып көрінуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір