Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Назым Қызайбай төрт дүркін әлем чемпионы атануға бір қадам жақын (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 20:00

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай 2025 жылғы бокстан өтетін екінші әлем чемпионатына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.

instagram/@nazym_kyzaibay09
instagram/@nazym_kyzaibay09

Спортшы бұл жаңалықты Instagram парақшасында жаттығу сәтінен түсірілген бейнежазбамен жариялады.

“Бір жылда екі әлем чемпионаты. Біріншісі – қоржынымда. Енді екіншісіне дайындалып жатырмын. Дайындық қызу қарқынмен жалғасып жатыр”, – деп жазды Қызайбай әлеуметтік желіде.

Тарихтағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы

Назым Қызайбай – Қазақстан боксы тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Ол Чеджу (2014), Астана (2016) және биылғы Ниш (2025) қалаларында өткен әлемдік додаларда топ жарған еді. Оның бұл жетістігі ел спортындағы айрықша белес ретінде тарихқа енді.

Келесі меже – төртінші алтын

Қыркүйек айында бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионаты Қызайбай үшін тағы бір мүмкіндік болмақ. Бұл турнир World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтеді және онда әлемнің үздік спортшылары жиналады. Егер Назым бұл жолы да жеңіске жетсе, қазақ боксы тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатады.

Чемпионның дайындығы

Қызайбайдың дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Ол күнделікті жаттығу барысында тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да бабын келтіріп жатқанын аңғартты. Спортшының басты мақсаты – халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғау.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір