Абылайхан кезекті қарсыласын жерге қаратты (ВИДЕО)
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Спортты дамыту дирекциясы
Габриэль Фалькаоны сенімді жеңді
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Жұбаназар екінші кезеңде бразилиялық Габриэль Фалькаомен татамиге шықты. Белдесу барысында қазақстандық спортшы екі бірдей “юко” бағасын алып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Келесі қарсылас – ресейлік дзюдошы
Абылайхан 1/4 финал жолдамасы үшін Ресейдің өкілі Тимур Арбузовпен шеберлік байқасады. Бұл жекпе-жек бүгін кешке өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet