
Ута Абэ мен Диёра Келдиёрова арасындағы қарсыластық 2024 жылы Париж Олимпиадасында басталған болатын. 1/16 финалда өзбек спортшысынан сенсациялық түрде жеңіліп, жарыстан ерте шығып қалған еді.
2025 жылы Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта алтын алған Ута Абэ өз жеңісінен кейін ерекше мәлімдеме жасады. Олимпиада және бес дүркін әлем чемпионы жапон спортшысы өзінің басты мотивациясының бірі — өзбекстандық қарсыласы Диёра Келдиёрова екенін айтты.
«Мен бұл жарысқа Диёра үшін келдім. Өкінішке қарай, ол қатысқан жоқ. Бірақ мен әлі де одан реванш алғым келеді. Ол жақын арада татамиге қайта оралады деп үміттенемін», — деді Абэ.
Айта кетейік, Диёра Келдиёрова жуырда өзінің аяғы ауыр екенін мәлімдеген. Дегенмен ол спорттан мүлде кетпейтінін, 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуды мақсат етіп отырғанын жеткізген.
Ута Абэ мен Диёра Келдиёрова арасындағы қарсыластық 2024 жылы Париж Олимпиадасында басталған болатын. Сол кезде жапон жұлдызы 1/16 финалда өзбек спортшысынан сенсациялық түрде жеңіліп, жарыстан ерте шығып қалған еді.
Абэ Будапештте алтын алса да, ол үшін басты белес — Келдиёровадан өш алу болып қала беретін сияқты.