Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Асу Алмабаев Темировты тоқтата ала ма? Сарапшылар ашығын айтты

Редактор Penalty.kz
17.06.2025, 11:17

26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде ол өзбекстандық Рамазан Темировпен октагонда жолығады.

NUR.KZ
NUR.KZ

Асу – фаворит. Танымал инсайдердің пікірі

UFC-дегі кезекті жекпе-жекке санаулы апталар қалғанда, танымал MMA инсайдері әрі Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф Sports.kz порталына берген сұхбатында Асу Алмабаев пен Рамазан Темиров арасындағы кездесу туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл жекпе-жекте қазақстандық файтер басым түседі. 

«Менің ойымша, бұл кездесудің фавориті – Алмабаев. Қазір ол жеңісті жолға қайта түсуі керек. Егер Темировты жеңсе, ол UFC-дің наилегчай салмағындағы ТОП-7 қатарына қайта оралуы әбден мүмкін», – дейді Дорфф.

Кездесу қашан және қайда өтеді?

Асу Алмабаев пен Рамазан Темиров арасындағы жекпе-жек 26 шілдеде Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC on ABC 9 турнирінде ұйымдастырылады.

Қарсыластар жайлы мәлімет

  • Асу Алмабаев (31 жаста):
    Жалпы рекорд – 21 жеңіс, 3 жеңіліс
    UFC-дегі рекорд – 4 жеңіс, 1 жеңіліс
    UFC-де алғаш рет басты кардта өнер көрсеткен алғашқы қазақ файтері. Соңғы кездесуінде Манел Капеге есе жіберді.

  • Рамазан Темиров (28 жаста, Өзбекстан):
    Жалпы рекорд – 19 жеңіс, 3 жеңіліс
    UFC-дегі рекорд – 2 жеңіс
    Бұған дейін үш рет қазақстандықтармен кездескен: 2 жеңіс, 1 жеңіліс

Асу үшін бұл кездесу рейтингілік тұрғыдан да, жеке мотивация жағынан да шешуші болмақ. Ал Темиров – Қазақстан спортшыларына қарсы бірнеше рет күш сынасып үлгерген, тәжірибелі қарсылас. Осы жекпе-жек нәтижесі Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі бағытын анықтауы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір