
Қазақстандық дзюдошы Мұрат Байқамұров Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта Олимпиада және әлем чемпионы Зелим Коцаевқа қарсы белдесіп, 1/8 финалда жарысты аяқтады.
Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақтағы белдесулер жалғасуда. Қазақстандық балуан Мұрат Байқамұров жарыстағы басты белдесуін өткізді. Ол ширек финалға шығу үшін 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, қазіргі әлем чемпионы Зелим Коцаевпен (Әзербайжан) айқасқа түсті.
27 жастағы Мұрат Байқамұров бұл кездесуге батыл шықты. Ол Коцаевтың беделіне қарамастан қысым көрсетіп, қарсыласты белсенді күреске итермеледі. Айта кету керек, Коцаев бір сәтте пассивті әрекеттері үшін «шидо» ескертуін алды.
Бұл белдесу Байқамұров үшін аса маңызды болды, себебі ол биыл Қазақстандағы Grand Slam-2025 турнирінде қола медаль жеңіп, мықты деңгейде екенін көрсеткен болатын.
Алайда, әлем және Олимпиада чемпионы Коцаевтың тәжірибесі басымдығын көрсетті. Кездесу аяқталуға бір жарым минут қалғанда, ол нәтижелі әдіс жасап, иппонмен жеңіске жетті.
Осылайша, Зелим Коцаев турнирдегі жүлделі орындар үшін күресін жалғастырса, Мурат Байқамұров әлем чемпионатынан шығып қалды.