Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Алтын аламын". Қазақ дзюдошысы келесі жарыста жеңіске жетуге уәде берді

Сарапшы, спорт журналисі
18.06.2025, 18:13

Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим Будапештте өткен әлем чемпионатында 1/8 финалға дейін жетіп, жапондық қарсыласынан жеңіліп қалған болатын. 

"Алтын аламын". Қазақ дзюдошысы келесі жарыста жеңіске жетуге уәде берді
Offside.kz

Қазақ дзюдошысы Мейірлан Максим Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатындағы жарыстан кейін жанкүйерлерге үндеу жасап, келесі турнирде міндетті түрде алтын медаль жеңіп алуға уәде берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Дзюдошыдан жарқын мәлімдеме

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мейірлан Максим әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті. Өкінішке қарай, шешуші белдесуде ол жапониялық Гоки Тадзимамен кездесіп, жеңіліп қалды. Белдесу барысында Максим жарақат алғаны да белгілі болды.

Алайда спортшының рухы түспеген. Жанкүйерлерге жолдаған үндеуінде ол былай деді:

«Ассалаумағалейкум!
Рахмет барлықтарыңызға, көріп жатырмын, қолдап-қолпаштап жатырсыздар — бәрі жақсы. Мен үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы жарыстарымның бірі, сондықтан біз бұдан мықты болып ораламыз, ИнШаАллах. Келесі жарыста міндетті түрде АЛТЫН жүлде болады, ИнШаАллах».

Әйелдер құрамасында да тарихи жетістік

Еске сала кетейік, дәл осы чемпионатта Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанып, Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан болатын. Бұл — қазақстандық дзюдоның дамуындағы маңызды белес.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір