Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Головкиннің шешімі дүрліктірді: Қытай мен Иран Астанадағы турнирге неге қатыспайды?

Сарапшы, спорт журналисі
23.06.2025, 19:49

30 маусымы мен 7 шілде аралығында Астанада бокстан әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл турнирді Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкиннің басшылығымен жұмыс істейтін World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр.

Головкиннің шешімі дүрліктірді: Қытай мен Иран Астанадағы турнирге неге қатыспайды?
time.kz

Астанада әлемнің 33 елінен боксшылар жиналады

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенов "Khabar Sport-қа" берген сұхбатында турнирге қатысатын елдер санының не себепті шектелгенін түсіндірді.

"Алғашқыда 33-тен көп мемлекет қатысады деп жоспарланған. Алайда халықаралық World Boxing ұйымы әр боксшы кем дегенде төрт жекпе-жек өткізуі үшін елдер санын қысқартуға шешім қабылдады", — деді ол.

Қытай мен Таиланд турнирден тыс қалды

Игеновтің айтуынша, Қытай мен Таиланд алғашында турнирге қатысқысы келген. Бірақ World Boxing ұйымының шешімімен бұл елдер тізімнен шығарылған. Сондай-ақ Иран құрамасы да келмей қалуы мүмкін — оған елдегі саяси жағдай себеп.

"Қазір 33 ел расталды. Бірақ 28-29 маусымда нақты саны белгілі болады. Себебі кейбір командалар саяси не логистикалық себептермен келмей қалуы ықтимал", — деп толықтырды Игенов.

Головкин мен World Boxing миссиясы

World Boxing — олимпиадалық бағыттағы боксты дамытуға бағытталған жаңа халықаралық ұйым. Оның төрағасы — Геннадий Головкин. Ол бүгінде Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін арттыруға үлкен үлес қосып келеді. Бұл турнир — аталған ұйымның Астанада өткізетін алғашқы ірі додаларының бірі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 205
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір