UFC басшысы қазақстандық жеңілмеген файтерге тәнті болды: Бұл Рахмонов емес (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Әліби Ыдырыс Дана Уайтты таңғалдырды. 

UFC басшысы қазақстандық жеңілмеген файтерге тәнті болды: Бұл Рахмонов емес (ВИДЕО)
offside.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс (11-0) UFC ұйымымен келісімшартқа қол жеткізу жолында тағы бір қадам алға басты. The Ultimate Fighter (TUF) шоуының 33-маусымындағы бесінші серияда ол жарқын өнер көрсетіп, UFC президенті Дана Уайттың жоғары бағасына ие болды.

“Қазақстаннан шыққан ең мықты жеңіл салмақтағы файтер. Он кәсіби кездесуде де жеңіліс көрмеген. Ол октагонда да, партерде де керемет жұмыс істейді. Нағыз жан-жақты әрі қауіпті спортшы”, — деп баға берді Дана Уайт.

“Темір” Әліби — жаңа жұлдыз

Әліби Ыдырыс TUF аясында өткізген жекпе-жекте өзбекстандық Фуркатбек Йокубовты айқын басымдықпен жеңді. Кездесу барысында қарсыласын партерде тұншықтырып, басымдықты толық өз қолына алды.

“Қазақстан бізге көп мықты спортшылар сыйлады. Әліби де отандастары секілді ерекше. Бұл жекпе-жекте көзге қол тигізгені үшін ұпай шегерілсе де, ол жеңісін сенімді түрде алып кетті. Мен оның жартылай финалдағы кездесуін асыға күтемін”, — деді Уайт.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір