Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Назым Қызайбай ресейлік команданың көшбасшысымен қолғап түйістірді (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 07:40

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Ресей құрамасының үздік спортшыларымен өткізілген бірлескен жаттығу жиындарынан фото және әсерлі сәттерін жариялады. 

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Instagram/@nazym_kyzaibay09

Қазақстан мен Ресей боксшылары бір рингте

Назым Instagram парақшасында Ресей құрамасының көшбасшыларының бірі Юлия Чумгалаковамен бірге түскен суретті жариялап, жаттығу барысын сипаттады:

"Қонақтарымызды әрқашан қуана қарсы аламыз… әсіресе қолғаппен келсе. Ресейлік қыздармен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтті.

Тамаша спаррингтер, қатаң раундтар және ешқандай аяушылық жоқ — бәрі чемпиондық деңгейде өтті.

Бірге жаттығу арқылы күшейеміз. Келгендеріңізге рақмет!", — деп жазды Назым. 

Қызайбай мен Чумгалакова — финалда жолыққан қарсыластар

Юлия Чумгалакова — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Еуропа чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Сербияның Ниш қаласында өткен финалда дәл осы Чумгалакова Назым Қызайбаймен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіліс тапқан. Ал Қызайбай өз кезегінде әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір