Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бақыт Сәрсекбаевты Олимпиада қарсаңында ұлттық құрамға қайта шақыру ұсынылды

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 10:15

Танымал бапкер Мұхит Амантаев Бақыт Сәрсекбаевтың болашақта Қазақстан боксына қосар үлесі зор екенін айтты.

sports24.kz
sports24.kz

Қазақстандық танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев YouTube желісіндегі "Бірінші бол" арнасына берген сұхбатында 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, Сәрсекбаев секілді тәжірибелі мамандарды қазірден бастап ұлттық құрама жұмысына тарту қажет.

"Екі Олимпиаданы "нөлмен" өткіздік. Тағы қанша күтеміз? Бір-бірімізге аяқтан шалып, іштарлық жасайтын кез артта қалды. Қазір Сәрсекбаевты тарту керек, Бақыт аға жұмыс істеуі тиіс. Қайрат аға — өте мықты бас бапкер. Бірақ Бақыт — болашақта оның орнын баса алатын мамандардың бірі. Олимпиадаға үш жыл қалды. Қазірдің өзінде Бақытты құрамаға қосу қажет. Бас бапкер болмаса да, кем дегенде Қайрат ағаның көмекшісі ретінде", — деді Мұхит Амантаев.

Бақыт Сәрсекбаев — U-22 құрамасының сәттілігінің кілті

Айта кетейік, қазір Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанның 22 жасқа дейінгі бокс құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Жақында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында оның шәкірттері 22 алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 8
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір