ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Шавкат Рахмонов титулдық айқасқа дайындығын бастады ма?

UFC рейтингінде үздік үштікке енген Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде өзінің физикалық формасын көрсеттті. 

Шавкат Рахмонов титулдық айқасқа дайындығын бастады ма?
Offside.kz.

UFC-дегі қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмонов өзінің тамаша физикалық дайындығын әлеуметтік желіде жариялап, жанкүйерлерін бір шулатты. 

Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі парақшасына өзінің физикалық формасын көрсеткен видео жүктеді. Кадрларда шаршы алаңға тас-түйін дайын боксшы ретінде көрінеді.

Бұл жарияланым жанкүйерлер арасында "Рахмонов титулдық айқасқа дайындалып жатыр ма?" деген сұрақ туғызды.

Шавкат Рахмонов туралы не білеміз?

  • Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері
  • Бұрынғы M-1 Global ұйымының чемпионы (жартылай орта салмақ)
  • UFC жартылай орта салмақтағы рейтингінде – 3-орында
  • ММА-де жеңіліссіз серия: 18 жекпе-жек – 18 жеңіс
Шавкат Рахмонов туралы не білеміз?
Фото: Шавкат Рахмоновтың жеке парақшасынан

Барлық жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған. 

  • 9 нокаут
  • 9 сабмишн (тұншығу/бағындыру)

Титулдық жекпе-жекке жақын ба?

Рахмоновтың мықты статистикасы мен үздік формасы оның жақын арада титулдық жекпе-жекке шығуына негіз болуы мүмкін. Жанкүйерлер мен сарапшылар Шавкаттың UFC чемпионы атауына лайық екенін бұрыннан айтып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?