
Крис Юбэнк-кішіге Жәнібек Әлімханұлымен айқасу ұсынылды! IFL TV тізімінде қазақстандық чемпион әлемнің үздік боксшыларымен қатар аталды.
Аса танымал британдық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Крис Юбэнк-кішіге қазақстандық WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен айқасу ұсынылды.
IFL TV X (бұрынғы Twitter) парақшасы бокс жанкүйерлеріне сұрақ тастап, Юбэнктің келесі қарсыласы ретінде төрт үміткерді атады:
2024 жылдың 26 сәуірінде Крис Юбэнк Конор Беннді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Бұл кездесу британ боксы үшін маңызды оқиға болды. Реванш болады деген үміт басым болғанымен, промоутер Эдди Хирн Юбэнк жағы бұл кездесуден бас тартқанын мәлімдеді.
"Юбэнк реваншты қаламайтынын ашық айтты", – деді Хирн.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу ұсынысы бұған дейін де Юбэнкке жасалған, алайда ол бас тартқан болатын. Енді бұл ұсыныс қайта жаңғырып отыр.
Жәнібек — орта салмақтағы екі тұжырым бойынша (WBO және IBF) әлем чемпионы, және ол "Kazakh Style" лақап атымен әлемдік ареналарда танымал.