Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы жалпы есепте үздік үштікке енді (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Малайзияның Кучинг қаласында өткен таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 медальмен жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді.

Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы жалпы есепте үздік үштікке енді (ФОТО)
фото ашық дереккөздерден алынды

Үш алтын — тарихи нәтиже

Жас спортшыларымыздың қоржынында — 3 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль.
Алтын иеленгендер:

  • Айым Серікбаева — 42 келі;
  • Аружан Найманбаева — 68 келі;
  • Бунед Бахрамқұлов — 45 келі.

Бұл — Қазақстан үшін тарихи жетістік. Себебі соңғы рет біздің ел таеквондошысы 2005 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатында ғана чемпион атанған еді. Ол кезде Давранбек Ризаев алтын медаль иеленді.

Медаль иеленген басқа спортшылар

Тағы жеті спортшы қола жүлдені иеленсе, бір спортшы күміс медаль жеңіп алды. Бұл нәтижеге Нұрболат Жаңбыров пен Жалғас Бекқасымов секілді бапкерлердің еңбегі зор болды.

Командалық есеп

Жалпы есеп бойынша көшті таеквондоның отаны саналатын Оңтүстік Корея бастады. Алдыңғы бестікте:

  • Иран,
  • Қытай,
  • Тайланд,
  • және Қазақстан құрамасы бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір