
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев алдағы Азия чемпионатына дайындық барысын баяндап, құрама сапындағы өзгерістер мен жоспарлар жайында айтып өтті. Аталған құрлықтық дода жақын күндері Таиланд астанасы Бангкокта өтеді.
Бұл – World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы ресми чемпионаты. Бәсеке ұйым бекіткен жаңа салмақ санаттары бойынша өтпек. Оған 26 мемлекеттен 400-ге жуық боксшы қатысады.
Құрама команда жарыс алдында Қазақстан мен Қырғызстанда дайындық жиынын өткізді. Осы оқу-жаттығу жиындарында әр салмақ бойынша тартысты жекпе-жектер ұйымдастырылып, мықтылар іріктелді.
Іріктеу нәтижесінде ел намысын келесі боксшылар қорғайды:
“Соңғы дайындық кезеңі Ыстықкөлде өтті. Физикалық және техникалық жаттығуларға баса назар аудардық. Әр салмақта үздіктерді мұқият іріктедік. Енді сол жігіттер Азия чемпионатына қатысады. Бұл жарыста бәсеке жоғары болатынын жақсы білеміз. Соған қарамастан, құрамадан үлкен нәтижелер күтеміз” – деді Бақыт Сәрсекбаев.