
Соның бірін "полициядан да тайсалмайтын, нағыз құбыжық" деп те атады.
Бокстан суперауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық спортшы Майк Тайсон тарихтағы ең үздік төрт боксшының есімдерін атады. Бұл туралы SecondsOut порталы хабарлады.
58 жастағы Майк Тайсон келесі боксшыларды ең ұлы деп атады:
Әсіресе, Сонни Листон жайлы ол ерекше пікір білдірді:
"Сонни Листон — бұл ғаламдағы ең қорқынышты боксшы. Ол Чикагоға келсе, полиция оған: 'Сізге бұл жаққа келуге болмайды' дер еді. Ол төрт полицейді сұлатып, олардың жақ сүйектерін сындырып, тапаншаларын тартып алып, дубинкамен ұрып жатқанда да тоқтамайтын еді. Бұл адам — нағыз құбыжық болатын", — деді «Темір Майк» Shaquille O’Neal жүргізетін The Big Podcast with Shaq подкастында.