Қазақстан бокстан Азия чемпионатында кезекті жүлдеге қол созды (ВИДЕО)
Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан U22 және жастар арасындағы Азия чемпионатында Нұрислам Қалдыбаев кезекті жеңіске жетті.
Instagram/@boxingkazakhstan
Қазақстан мен Қырғызстан дуэлі
60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Қалдыбаев ширек финалда қырғыз боксшысы Азизбек Ходжаевты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Бұл нәтиже оған жартылай финалға жолдама беріп, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Жарысты сенсациямен бастаған
Айта кету керек, Нұрислам турнирді өте сәтті бастады. Ол алғашқы кезеңде Оңтүстік Корея боксшысы Сён Хун Юды айқын басымдықпен жеңіп шыққан.Қазақ спортшысы қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, төреші үшінші раундта кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet