Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Өмір сүргім келмейді": Майк Тайсон өмірі жайлы айтып, жұртты шулатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:36

Бұрынғы баскетболшы Шакил О’Нилдің подкастында аңыз боксшынан қанша жасқа дейін өмір сүргісі келетіні сұралғанда, ол күтпеген жауап берді. 

NewTimes.kz
NewTimes.kz

Бокс аңызы, бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон өлім жайлы ойымен бөлісіп, жанкүйерлерді шошытты. 

Подкасттағы шынайы жауап

Бұрынғы баскетболшы Шакил О’Нилдің подкастында жүргізуші Тайсоннан қанша жасқа дейін өмір сүргісі келетінін сұрағанда, ол күтпеген жауап берді:

«Жоқ, мен онша ұзақ өмір сүргім келмейді. Тіпті ойламаймын да, 80-ге жетпесем екен деп үміттенемін», — деді боксшы.

Тайсонның мансабы

1966 жылы Нью-Йорктің Бруклин ауданында дүниеге келген Майк Тайсон 12 жасынан боксқа ден қойды. Танымал бапкер Кас Д’Аматоның қол астында жаттыққан ол 1986 жылы 20 жасында ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы атанды. Бір жылдан соң абсолютті чемпион болды. 

Мансабында 58 жекпе-жек өткізіп, оның 50-інде жеңіске жетті, 44 қарсыласын нокаутпен ұтты.

Соңғы жекпе-жегі

Тайсонның спорттық жолы түрлі дау-дамайлардан да ада болған жоқ. 1992 жылы зорлау ісі бойынша түрмеге қамалды, кейін рингке қайта оралды. Соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 16 қарашасында блогер Джейк Полға қарсы өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір