
Бангкокта U22 Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстан құрамасының бас бапкері жарыс қорытындысын жариялады.
Бүгін Таиланд астанасында 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев финалдағы жекпе-жектер мен жалпы жарыс нәтижесіне тоқталды.
"Өздеріңіз көрдіңіздер, финалға бес боксшымыз шықты. Үшеуі чемпион атанды, екеуі күміс жүлде иеленді. Жеңілген жігіттерге де ризамын. Бізде болашақ бар. Алла қаласа, жұмыс істеп дайындала береміз. Ертең-ақ қателіктермен жұмысқа кірісеміз. Ешқайсысы қиналған жоқ, бәрі де техникалық және тактикалық тұрғыда жақсы өнер көрсетті. Оларға ризамын", – деді Сәрсекбаев.
Қазақстан құрамасы U22 Азия чемпионатында 3 алтын және 2 күміс жүлде жеңіп алды. Медаль кестесінде бірінші орынды Өзбекстан иеленді – 6 алтын, 3 күміс, 1 қола.