Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Плинтустан да төмен". Белгілі бапкер қазақ боксы жайлы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:20

Қазақстан боксының даңқты бапкері Тұрсынғали Еділов ұлттық құраманың қазіргі деңгейін қатты сынға алды. Оның айтуынша, бір кездері әлемге қауіп төндірген қазақстандық бокс қазір африкалық және индонезиялық қарсыластардан да жеңіліп жүр.

Vesti.kz
Vesti.kz

Қазақстанның ең табысты бапкерлерінің бірі, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында екі алтын және екі күміс медальға қол жеткізген Тұрсынғали Еділов қазіргі қазақ боксының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлады. 

Бұрынғы бедел — бүгінде тек естелік

Тұрсынғали Еділовтің айтуынша, өткен жылдары қазақстандық боксшылардан әлем жұрты қорқатын, алайда қазір жағдай мүлдем өзгерген.

«Бұрындары бізден бәрі қорқатын. Қазір қазақ боксының деңгейі плинтустан да төмен. Біздің жігіттерді африкалықтар да, индонезиялықтар да жеңіп жүр», – деді ол.

Өзбекстаннан үлгі

Тәжірибелі бапкер көрші Өзбекстан құрамасының әдісін мысалға келтірді. Оның айтуынша, Өзбекстан бас бапкері Толқын Қылышев Астанада өткен Әлем кубогына негізгі де, екінші құрамды да әкелмеген.

«Неге? Негізгі құрам әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Ал екінші құрамды апармады, өйткені кейін „өзбектер жеңілді“ деп ешкім айтпау үшін», – деп түсіндірді Еділов.

Еске сала кетейік, Тұрсынғали Еділов бұған дейін Бангкокта World Boxing аясында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының нәтижесіне қатысты да сын пікір білдірген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір