Сауль Альварестың командасындағы қазақ нокаутері WBC белбеу иегерімен айқасады
10 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ) бокс кеші өтеді. Оған жеңілмеген Бек Нұрмағанбет қатысады.
instagram/@nurmaganbet.bek.kazbekuli
Қазақстандық боксшының қарсыласы – АҚШ-тың үміткері
Сауль «Канело» Альварестің спарринг-серіктесі саналатын Бек кәсіби рингтегі 15-ші жекпе-жегін өткізбек. Оның қарсыласы – АҚШ боксшысы Стивен Самптер. Америкалықтың рекорды: 11 жеңіс (оның 9-ы нокаутпен), 1 жеңіліс.
Самптердің соңғы жеңісі
Самптер 10 мамырда өткізген соңғы айқасында Джанер Гонсалесті техникалық нокаутпен ұтып, супер орта салмақтағы WBC USA Silver титулын иеленді. Бұл белбеу – АҚШ ішіндегі ең беделді аймақтық атақтардың бірі.
Бек Нұрмағанбеттің рекорды
Қазақ боксшысы кәсіби рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 12 қарсыласы соңғы гонгты күтпей-ақ нокаутқа түсті. Бұл статистика Бектің күшті нокаутер екенін айқын дәлелдейді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet