ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Нурмагомедовты нокдаунға жіберген қазақстандық файтер Топуриямен төбелеседі

Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топурияға қарсы жекпе-жекке шығады. Жекпе-жек 22 қарашада ұйымдастырылады.

Нурмагомедовты нокдаунға жіберген қазақстандық файтер Топуриямен төбелеседі
azattyq-ruhy.kz

Жекпе-жек ресми расталды

Pelunaton сайты хабарлағандай, Топурия (6-1) құжаттарға қол қойғаннан кейін UFC-дегі екінші айқасын өткізбек. Оның қарсыласы – қазақстандық Алмахан (12-2). Бұл кездесу UFC Fight Night турнирінің басты айқастарының бірі болмақ.

Алмахан мен Топурияның соңғы жекпе-жектері

Бекзат Алмахан соңғы рет октагонға 2025 жылдың мамыр айында шыққан. UFC 315 турнирінде (Монреаль, Канада) ол жергілікті файтер Брэд Катонды (14-5) бірінші раундта нокаутқа жіберіп, сенсациялық жеңіске жеткен.

Александр Топурия ақпан айында UFC 312 турнирінде (Сидней, Австралия) Колби Тикнесске қарсы шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен.

Топурия әулеті

Александр – UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы әрі P4P рейтингінің көшбасшысы Илия Топурияның туған бауыры. Бұл да жекпе-жекке деген қызығушылықты арттыруда.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.