
Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды.
Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) - Луис Руни (Ирландия, 23 жксқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен кездеседі.
Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) - Ортиз (Мексика) жұбының жеңгенімен жолығады.
Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) - Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен кездеседі.
1/16 финал. Ертуған Зейнуллинов — Хуго Грау (Франция)
Астанадағы Әлем Кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған басым түскен.
1/16 финал. Төрехан Сабырхан — Яче Юсуф Ислам (Алжир)
1/8 финалда Астанадағы әлем кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.
Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) - Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.
Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) - Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңгенімен жұдырықтасады.
Отандасымыз финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба спортшысымен жолығуы ықтимал.
Бекзат Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) - Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
1/16 финал. Сағындық Тоғамбай — Айзек Око (Англия)
Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) - Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңгенімен айқасады.