Дау-дамайға толы күн: Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының медалі үшін қалай айқасты?

Сарапшы, спорт журналисі

Ливерпульдегі (Англия) әлем чемпионаты қазақ жанкүйерлеріне сенсация, қуаныш және өкініш сыйлады. 12 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан алты бірдей боксшы рингке шықты.

Дау-дамайға толы күн: Қазақстан боксшылары әлем чемпионатының медалі үшін қалай айқасты?
Instagram/@boxingkazakhstan

Айбек Оралбай – күннің басты сенсациясы

Қазақстандық суперауыр (90+ кг) салмақтағы Айбек Оралбай бокстың аңызға айналған тұлғасын тоқтатты. Ол екі дүркін олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сесар Ла Крусты 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалда нағыз сенсация жасады.

Бұл жеңіс тек қазақ спорты үшін емес, бүкіл әлемдік бокс қауымдастығы үшін үлкен жаңалық болды.

Ерлер арасындағы кездесулер

50 кг. Ширек финал: Санжар Тәшкенбай — Джадумани Сингх Манденгбам (Үндістан) — 4:0

90+ кг. Жартылай финал: Айбек Оралбай — Хулио Сесар Ла Крус (Куба) — 3:2

Әйелдер арасындағы жекпе-жектер

48 кг. Ширек финал: Назым Қызайбай — Анна Охота (Украина) — 5:0

60 кг. Жартылай финал: Виктория Графеева — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия) — 1:4

65 кг. Жартылай финал: Аида Әбікеева — Грэйни Мэри Уолш (Ирландия) — 5:0

80+ кг. Жартылай финал: Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша) — 0:5

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір