Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Махмұд Сабырхан Қытай боксшысын ірі есеппен жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының (World Boxing) жартылай финалында қарсыласын ойсырата жеңіп, финалға жолдама алды. 

Махмұд Сабырхан Қытай боксшысын ірі есеппен жеңді
Instagram/@boxingkazakhstan

Жартылай финал: 5:0 есебімен таза жеңіс

55 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Сабырхан қытайлық Чуань Люға қарсы айқын басымдық танытты. Үш раунд қорытындысында төрешілер бірауыздан (5:0) қазақстандықтың жеңісін жариялады.

Осылайша Махмұд әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласатын болды.

Сабырханның жетістіктері

2023 жыл — IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы

2021 жыл — Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

2022 жыл — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

2024 жыл — Азия чемпионатының алтын жүлдегері

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір