Мерей Мәулетқанов ӘЧ финалына жете алмады
Загребтегі күрес бойынша әлем чемпионатында қазақстандық балуан Мерей Мәулетқанов шешуші белдесуге шыға алмады.
Спортты дамыту дирекциясы
Жартылай финалдағы тартысты белдесу
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Мәулетқанов жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы әрі 2025 жылғы Еуропа чемпионы, француз балуаны Ибрагим Ганемен кездесті.
Белдесу күтпеген жерден ерте аяқталды. Франция өкілі айқын басымдықпен жеңіске жетіп, финалға өтті.
Мәулетқановтың турнирдегі басты жеңісі
Финалға жол ашпағанымен Мерей осы турнирде сенсация жасағанын айта кеткен жөн. Ол бұрынғы әлем чемпионы, белгілі түрік балуаны Али Фейзоллу Арсаланнан басым түсті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet