Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
19.09.2025, 20:18

Загребте өтіп жатқан күрес бойынша әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали финалға жолдама алды.

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының финалына шықты
Спортты дамыту дирекциясы

Жартылай финалдағы сенімді жеңіс

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Сұлтанғали жартылай финалда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, грузин балуаны Амиран Шавадзеге қарсы белдесті.

Қазақстандық спортшы қарсыласын 10:2 есебімен айқын басымдықпен ұтып, шешуші белдесуге шықты.

Финалдағы қарсылас

Айдос Сұлтанғали финалда Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевпен күш сынасады. Ганиев өз кезегінде екінші жартылай финалда сербиялық Георгий Тибиловты жеңіп шыққан болатын.

Айдос Сұлтанғалидің спорттық жолы

Туған жылы, жері: 1996 жылдың 7 ақпаны, Қызылорда қаласы.

Негізгі жетістіктері:

  • 2012 жылы кадеттер арасында Азия чемпионатының финалисі;
  • 2013 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы;
  • 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы;
  • 2017 жылы 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2018 және 2022 жылдары ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері;
  • 2021 жылғы Азия чемпионы;
  • 2022 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері;
  • 2024 жылы Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының спорт шебері әрі халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

2023 жылғы Азия ойындарында 5-орын иеленсе, 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 14-орынға тұрақтады.

Қазір Айдос Сұлтанғали әлемдік рейтингте 43-орында (6600 ұпай) тұр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір