Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуанын күйрете жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
20.09.2025, 21:37

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Айдос Сұлтанғали 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында сенсациялық жеңіске жетті.

Айдос Сұлтанғали финалда өзбек балуанын күйрете жеңді
Спортты дамыту дирекциясы

Финалдағы күтпеген жеңіс

Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстан балуаны Әлішер Ғаниевті 9:0 есебімен ұтып, алтын медаль иегері атанды.

Жекпе-жекке дейін сарапшылар Ғаниевті фаворит санаған еді. Өзбекстандық спортшы UWW халықаралық рейтингінде 10-орында, ал жарыста №6 нөмірмен өнер көрсетті. Ал Сұлтанғали бұл салмақта рейтингке енбеген болатын. Соған қарамастан қарсыласын таза жеңіспен ұтып, басты сенсация жасады.

Жолдағы қарсыластар

Айдос Сұлтанғали финалға дейін бірнеше мықтыны тоқтатты:

  • Максвелл Хоппер Блэк (АҚШ)
  • Мелкам Фетене (Израиль)
  • Се Ун Ри (Солтүстік Корея)
  • Амиран Шавадзе (Грузия)

Осылайша ол Загребте өткен әлем чемпионатында төрт бірдей халықаралық балуанды қапы қалдырып, алтын жүлдеге қол жеткізді. 

Тарихқа көз жүгіртсек

Айдос Сұлтанғали 26 жылдан кейін грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. 

Грек-рим күресінен Қазақстан спортшылары неше рет алтын алды?

1999 жыл. Мхитар Манукян (63 келі)

1998 жыл. Мхитар Манукян (63 келі)

1998 жыл. Бақтияр Байсейітов (76 келі)

1997 жыл. Юрий Мельниченко (58 келі)

1994 жыл. Юрий Мельниченко (57 келі)

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір