Назым Қызайбай сәнді образымен жанкүйерлерді таңқалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай жанкүйерлерін ерекше қырынан таңғалдырды — спорттық образымен танылған боксшы сәнді фотосессияда мүлде басқа бейнесін көрсетті.

Назым Қызайбай сәнді образымен жанкүйерлерді таңқалдырды
harpersbazaar.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай жанкүйерлерді сәнді образымен таң қалдырды.

Әдетте спорттық киім үлгісінде көрінетін Қызайбай бұл жолы сәнді журналдың мұқабасына арнап ерекше фотосессия жасады. Жас спортшы нәзіктік пен күштілікті үйлестірген жаңа бейнесімен көпшілікті таң қалдырды.

Фото: harpersbazaar.kz

Өз парақшасында жариялаған суреттерін ол қысқа ғана:

«Әрбір көзқараста күш бар», - деп сипаттады.

Жанкүйерлердің реакциясы

Қазақ спортшысының тосын образы жанкүйерлер арасында қызу талқы тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары пікір қалдырып, «от» смайликтері мен таңданыс белгілерін боратып жазды.

Фото: harpersbazaar.kz

Спорттағы жетістіктері

Айта кетейік, Ливерпульде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында Назым Қызайбай 48 келі салмақта финалға дейін жетіп, күміс жүлде еншілеген болатын. Шешуші айқаста ол үндістандық Минакши Минакшиге ұпай санымен есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір