Қазақстандық «Аватар» бірінші раундта «Қоқан арыстанын» жеңді
Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Саят «Аватар» Әбдуали (9-0) Өзбекстан астанасында өткен Octagon 79 турнирінің басты айқасында өнер көрсетті.
sports24.kz
Қарсылас және титулдық айқас
Әбдуалидің қарсыласы өзбек спортшысы, «Қоқан арыстаны» лақап атымен танымал Амирхон Алихуджаев (12-6) болды. Олар Octagon MMA лигасының жеңіл салмақтағы ваканттық чемпиондық белбеуін сарапқа салды.
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланғанымен тағдыры небәрі бірінші кезеңде шешілді. Әбдуали қарсыласын тұншықтыру арқылы жеңісті өз атына жазды.
Саят Әбдуалидің көрсеткіші
Бұл жеңістен кейін қазақстандық файтердің кәсіби көрсеткіші 9 жеңіске жетті. Ол жеңіл салмақтағы жаңа Octagon чемпионы атанды. Ал өзбек спортшысы мансабындағы алтыншы жеңілісін тіркеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet