Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жалғас Жұмағұлов титулын қорғауға дайын

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 22:43

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (18-9) өзінің келесі айқасының уақытын және қарсыласын ресми түрде хабарлады.

Жалғас Жұмағұлов титулын қорғауға дайын
instagram/@zhumagulov_zhalgas

Жекпе-жек күні мен орны

Жекпе-жек 28 желтоқсан күні Прага қаласында өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы – жергілікті жанкүйерлердің сүйікті спортшысы, чехиялық Давид Дворжак (22-6).

«Аз-аздан дайындыққа кірісіп жатырмыз. Келісімшарт әлі толық бекітілмегенімен күн мен қарсылас белгілі. Алдымен Ақтөбеде алғашқы дайындық өткіземін. Кейін алдын ала лагерь үшін АҚШ-қа барамын. Содан соң Америкадан тікелей жекпе-жекке жолға шығамын, иншаАлла», – деді Жұмағұлов.

Тарихи маңызы бар кездесу

37 жастағы Жұмағұлов қазіргі уақытта Oktagon MMA лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпионы. Бұл айқас оның тұңғыш титул қорғауы болмақ.

Давид Дворжак соңғы жекпе-жегінде неміс спортшысы Мохаммед Валидті (8-5) жеңіп, чемпиондық белбеуге үміткер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір