Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы чемпиондарға ауыр сын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы өзге белбеу иелеріне өткір үндеу жолдады.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы чемпиондарға ауыр сын айтты
Жәнібек Әлімханұлы

“Боксты ұятқа қалдырып жатырсыңдар”: Жәнібек Әлімханұлы

Өз жазбасында Әлімханұлы біріккен жекпе-жекке шығудан қашқақтап жүрген чемпиондарды тағы да сынға алды.

«Чемпиондар, менің сендерді қуалап жүруге уақытым жоқ. Сендер боксты ұятқа қалдырып жатырсыңдар! Егер жекпе-жекке келіспесеңдер, онда белбеулерді неге сақтап жүрсіңдер? Бұл соншалықты қиын болады деп ойламап едім!», — деп жазды «Қазақ стилі» әлеуметтік желіде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін WBC чемпионы Карлос Адамеспен өткізетіні туралы ақпарат тараған болатын. Алайда кейін тараптар арасындағы келіссөздердің тағы да тығырыққа тірелгені белгілі болды. Орта салмақтағы тағы бір белбеу — WBA — кубалық Эрисланди Лараның иелігінде.

Айта кетейік, Карлос Адамес биылғы жылы британдық Хамза Ширазға қарсы белбеуін қорғаған болатын. Жекпе-жек тең нәтижемен аяқталып, доминикандық чемпиондық атағын сақтап қалған еді.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегін Жәнібек 5 сәуірде Анауэль Нгамиссенгемен өткізген. Нәтижесінде қазақ боксшысы французды бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір