Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Кабриолет, оркестр және думан: Жаңа әлем чемпионын туған жері қалай қарсы алды

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылғы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали туған жері Қызылордаға жеңісімен оралды.

Кабриолет, оркестр және думан: Жаңа әлем чемпионын туған жері қалай қарсы алды
instagram/@syr_sporty

Алматы әуежайындағы әсерлі сәт

Чемпионды Алматы әуежайында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен ЦСКА клубының өкілдері күтіп алды. Арнайы дайындалған әскери оркестр Сұлтанғалиды салтанатты түрде қарсы алып, халыққа ерекше әсер сыйлады.

Қызылордадағы қошемет

Әрі қарай балуан туған жері Қызылордаға жол тартты. Мұнда оны облыс спорт басқармасының басшысы, 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бастаған жанкүйерлер зор құрметпен қарсы алды. Әлемдік аренада топ жарған балуан үшін аймақ көлемінде той-думан ұйымдастырылды.

Айдос Сұлтанғалидың әлем чемпионатындағы жеңісі Қазақстан спорты үшін тарихи оқиғаға айналды. Оның жеңісі жас спортшыларға үлгі болып, грек-рим күресінің жаңа серпін алуына ықпал етпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір