
Бұрымды боксшыларымыз Қазақстан қоржынына 7 медаль салған еді.
Әзербайжанда өткен ТМД ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы жеті медаль жеңіп алды. Соған қарамастан, басты бәсекелес Өзбекстан алтын санымен алға шығып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Аталған жарыста қазақстандық арулар бокстан екі алтын және бес қола медаль иеленді.
Бұл нәтиже Қазақстанға командалық есепте екінші орынды ғана қамтамасыз етті.
Турнирдің басты фавориті саналатын Өзбекстан құрамасы өз мықтылығын тағы да дәлелдеді:
Барлығы 9 жүлде, соның арқасында өзбек қыздары сенімді түрде бірінші орынды иеленді.