Азия ойындарында отандасымыз өзбек боксшысына ойсырай ұтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Бахрейнде өтіп жатқан ІІІ жасөспірімдер Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақта өткен Қазақстан – Өзбекстан ширек финалы айқын есеппен аяқталды.

Азия ойындарында отандасымыз өзбек боксшысына ойсырай ұтылды
секция-бокса.рф

Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты.  60 келі салмақтағы Эмир Мухит ширек финалда өзбекстандық Иброхим Шокиржоновға қарсы жұдырықтасты. 

Кездесудің алғашқы раундынан-ақ өзбек боксшысы жоғары қарқынмен бастады. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Шокиржонов бірінші раундта 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші раундта да өзбек спортшысы еш мүмкіндік қалдырмады. Қарсыласына қысым жасап, дәл соққылармен үстемдік танытқан Шокиржонов тағы да 4:1 есебімен ұпай алды.

Үшінші раундта нәтиже айқын болды — төрешілер бірауыздан (5:0) өзбек боксшысының пайдасына шешім шығарды. Осылайша, Эмир Мухит турнирден шығып қалды.

Бұл жеңіс Өзбекстан құрамасының медаль қоржынын толықтырды. Иброхим Шокиржонов кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір